«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында тағы бір жоба қолдау алды

Жаңалықтар
26.02.2018

«Даму» қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына ісін жаңа бастаушы кәсіпкер, бейнебақылау жүйелерін орнатып, оған қызмет көрсетумен айналысатын «Павлодар безопасность» компаниясының басшысы Кенжебаева Әсел Жанайқызы келді.

2016 жылдан бері жұмыс істейтін «Павлодар безопасность» ЖШС бүгінгі күні қаладағы 35 тұрғын үйге бейнебақылау жүйесін орнатып, оларға қызмет көрсетіп отыр.

Қазір халық арасында жеке бас қауіпсіздігіне бей-жай қарамайтын адамдар саны артып келеді. Өйткені, бейнебақылау орнату – әрқашан жағдайды назарда ұстауға мүмкіндік беріп, жанға сенімділік пен тыныштық сыйлайды. Сондықтан да компания бейнебақылау жүйесінің құрал-жабдықтары қатарын кеңейтуді ойластыра бастады.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» бойынша, кәсіпкер  КҚКО менеджері Дюзбаева Әсеммен бірге құжаттар тобын дайындап, қаржыландыруға өтінім берген. 10 млн теңге мөлшердегі несиені банк мақұлдады. Сондай-ақ кәсіпкер 8,5 млн теңге мөлшеріндегі «Даму» Қорының кепілдігін де пайдаланды.

Әсел Жанайқызының айтуынша, енді Павлодар қаласының тұрғындары фирманың қызметін пайдалана отырып, өз қауіпсіздігіне сенімді бола алады.