menu
Жабу

Мемлекеттік қолдау арқасында сүт өңдеу кәсіпорны дамып келеді

Жаңалықтар
19.03.2018

ТОО «Best Milk» компаниясының тарихы 2012 жылы Береговой ауылында сүт цехының ашылуынан басталады. Сонда тәулігіне тек 2 тонна сүт өнделген, және өнімнің 3 атауын ғана шығарған - сүт, қаймақ және сары май. Ал үш жылдан кейін, 2016 жылы Павлодар қаласында сүт зауыты ашылды. Қазіргі таңда тәулігіне 30 тоннаға дейін сүт өнделеді, және өнімнің 68 атауы шығарылады.

Компанияның өсуіне мемлекеттік қолдау үлкен рөл атқарды. Сонымен, 2013 жылы компания «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен бизнесті дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сүтзауытын сатып алуға 86 млн. теңге қарыз алды. 2016 жылы компания мемлекеттік қолдауды жаңадан пайдаланды, айналым қаражатын толтыру үшін өнеркәсіп өндеуден кәсіпкерліктің шағын және орта субъектілерін қолдау бағдарламасы бойынша алты пайызбен 53 млн. тенге қарыз алды.

Компания жаңа нарық өткізуді жаулап алуға дайындалып, қарқынды дамып келеді.