menu
Жабу

Қызылорда облысында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында тағы бір жоба қолдау алды

Жаңалықтар
19.03.2018

Қызылордалық кәсіпкер Гейдаров Сальвар бизнесін дамытуға 6%-бен Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында несие алды. Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен кәсіпкер төлемдер санын және көлемін ұлғайтуды жоспарлауда.

Қазіргі уақытта төлем терминалдары Қазақстанда кеңінен таралып, техникалық сипаттамалары, қызмет көрсету және пайдалану қолайлылығы арқасында жақсы сұранысқа ие.

Гейдаров Сальвар осы кәсіппен 15 жылдан бері айналысып келеді.

Қазір кәсіпкердің терминалдарының саны 177-ге жетті.  Олар Қызылорда және Астана қалаларының өтімділігі жоғары орталықтарында, супермаркеттерде, оқу орындарында тәулік бойы қол жететін етіп орналасқан.

Қаржылық қолдау алу үшін ол «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шарттары туралы ақпарат алды. КҚКО кеңесшісі Қуатбай Матназаров бағдарламаның шарттарымен таныстырып қана қоймай, кәсіпкер жобасын қаржыландыруға Екінші деңгейлі банкке сүйемелдеу қызметін көрсетті. Нәтижесінде Қызылорда қаласындағы «АТФ Банк» АҚ филиалы Гейдаров Сальвардың жобасын қаржыландырып, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 6%-бен несие берді.

Қызметтердің негізгі тұтынушылары - Қызылорда облысының және Астана қаласының тұрғындары және қонақтары.

Еске сала өтсек, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бизнесті бастау немесе оны дамыту мақсатында Қызылорда облысы бойынша келесі Екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеуге болады: «Сбербанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «АТФ Банк» АҚ. Бағдарламаға жұмыссыз, бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлер қатыса алады. Қаржыландыру бағыты –сауда саласының айналым қаражатын толтырудан басқа кез-келген бизнес түріне беріледі. Несие бойынша сыйақы мөлшері 6% ғана.