menu
Жабу

Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен кәсіпкер дүкен ашты

Жаңалықтар
27.03.2018

Кез-келген елдің экономикасы үшін маңызды көрсеткіштердің бірі - халықтың азық-түлікке деген қажеттіліктерін дер кезінде қанағаттандыру болып саналады.
          Бұл маңызды функцияны жүзеге асыру үшін бірнеше жүйенің өзара әрекеттесу механизмі үйлесу керек. Атап айтқанда: өндіруші, көтерме сауда және бөлшек сауда үштігі. Кәсіпкер Әсел Жүсіпова «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» арқылы осы бөлшек сауда бағытында бизнес ашуға шешім қабылдады. Әсел «Нұрбанк» АҚ арқылы жылына 6%-бен 15 млн теңге көлемінде несие алды.
          Алынған қаражат сауда орталығын сатып алуға жұмсалды.  Сондай-ақ Әсел несие алу үшін «Даму» қорынан 100% кепілдік алды.
          Дүкенде азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар сатылады.