menu
Жабу

Оралда «Ақұштап Құспан» сұлулық салоны ашылды

Жаңалықтар
02.04.2018

Армандар орындалып, бизнес идея іске асқанға не жетсін. Бұл жолы біз жас кәсіпкер Құспан Ақұштаптың арманы қалай жүзеге асқанын баяндаймыз. Биыл 25 наурызда Орал қаласында Ақұштап Құспанның жаңа сұлулық салоны ашылды. Ақұштап Құспан - жастайынан сұлулыққа жақын болып өскен, алдына мақсат қойып, соған жеткенше тыным таппайтын еңбекқор қыз. - Әр әйел, қанша жаста екеніне қарамастан, сұлулық пен нәзіктіктің үлгісі болғысы келеді. Бұл күрделі шаруада сізге Ақұштап Құспан сұлулық салонының кәсіпқой командасы көмектеседі. Мен ұзақ уақыттан бері сұлулық салонын ашуды армандадым. Онда әрбір қыз эстетикалық ләззатқа бөленіп, өзін ханшайым сезіне алады, - дейді Ақұштап Құспан. Ол өзінің арманын жүзеге асыру үшін «Даму» қорына келіп, сұлулық салоны үшін жылжымайтын мүлік сатып алуға несие алу үшін өтініш жасады. «Даму» қорының кеңесшісімен бірге банкке қажетті барлық құжаттарды жинап, тапсырды. Кәсіпкер «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» бойынша 6%-бен несие алды. Кепілзат ретінде кәсіпкер сатып алынатын мүлікті ұсынды. Ол жеткіліксіз болғандықтан, ісін жаңа бастаған кәсіпкер ретінде «Даму» Қорының кепілдігіне де ие болды. Бүгінгі күні Ақұштап Құспан сұлулық салоны ашылып, әйелдерге шаштараз, тырнақ әрлеу секілді көптеген қызметтер көрсетуде.