menu
Жабу

Петропавлдық кәсіпкерлер «Даму-Оптима» кепілдігін пайдалануда

Жаңалықтар
27.04.2018

«Даму» қорының «Даму-Оптима» бағдарламасының кепілдігі арқасында кәсіпкерлер банктерде несие лимитін екі есе арттыра алады. Бұл - бизнестің айналымын арттыруға және қызметін үздіксіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
   «SCK» сауда компаниясы пайдаланды дәл осы мүмкіндікті пайдаланды.
Компания Петропавл, Қарағанды ​​және Астана қалаларында тұрмыстық техника мен жиһаз саудасымен айналысады. «Сбербанк» АҚ арқылы алған несиеге «Даму-Оптиманың» 60% кепілдігін пайдалана отырып, тұрмыстық техника мен жиһаздар сатып алды. Тауарды Ресейден алдырады.
  Петропавл нарығында компания екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сауда Қарағанды ​​мен Петропавлдағы жалға алынған қойма жайында, ал бөлшек сату www.sck-1.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.
Sck-1.kz сайтында тұтынушылар үйден шықпай-ақ әдемі әрі ыңғайлы, ең танымал өнімдерді тауып, сатып алуға мүмкіндік алады.