info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Ulttyq ónim - 2018» көрмесінде Алматы қаласынан 27 кәсіпорын қатысты

Жаңалықтар
14.05.2018


          5-7 мамыр аралығында Қазақстанның астанасында «Көрме» орталығында IV республикалық «Ulttyq ónim» көрмесі өтті. Көрмеде 350-ден астам отандық өндірушілер өз өнімдерін ұсынды. «Даму» қорынан мемлекеттік қолдау алған 27 алматылык компания Көрмеде өз өнімдерін ұсынды.
        Тамақ өнеркәсібінің өнімдері, киім, құрылыс материалдары, арнайы техникалар және құрал-жабдықтар мен қызметтер саласындағы компаниялар болды. Үш күн бойы Астана тұрғындары мен қонақтары көрмеге қатысып және қазақстанда өндірілген тауарларды сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
         Алматы қаласыннан әр түрлі салаларына жұмыс істейтін кәсіпорындар қатысты: тамақ өнеркәсібі саласында (ЖШС "Беккер және К", ЖШС"МИЗ Бижан", ЖШС "Tour Ais-Nur" ЖК "дұрыс тамақтану Ұлттық орталығы "Ұлытау", ЖШС "ЭФКО" Алматы), металлургия өнеркәсібі саласында (ЖШС "Нептун Engineering"), жеңіл өнеркәсіп саласында (ЖШС "КazComfort", ЖК "2 шебер", ЖК "Кадам" ЖШС " Insperation өндірістік компаниясы ", ЖШС"Холдинг ВТМ", ЖШС "Елена тігін өндірісі",ЖШС " Семирамида тігін фирмасы",   ЖШС"Казлегпром-Алматы",   ЖШС "Style Z", ЖШС "КазСПО-N", ЖК "Арыстанбекова А. Е.), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласында (ЖШС "KAZ Polymer Solutions"), медициналық жабдықтар өндірісі, өндіру косметикалық құралдар саласында (ЖШС "ОрландоКЗ", Медремзавод компаниялар тобына кіретін ЖШС "KazMedAspap"), ЖШС"DOSFARM"), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі саласында (ЖШС EcoGreenPack),құрылыс материалдарын өндіру саласында (ЖК "Тал-Гам" , ЖШС "Технолюкс KINLONG"), зергерлік және қолданбалы өнер саласында (ЖК "Дала сазы", ЖК "Умай"), білім саласында (ЖШС "Евразия" халықаралық орталығы).
          Көрмеде "Халық Таңдауы" дегустация-конкурсы сайысы өтті. Шұжық өнімдері конкурсына ЖШС "МИЗ Бижан" және ЖШС "Беккер және К" қатысты. Байқаудың барлық қатысушылары дипломмен марапатталды.

        Көрменің үш күнінде Алматы компаниялары 5 млн. теңгеге өнім сатты.
Бағдарламадар жайлы толығырақ мәлімет алу үшін Сізді мына мекен-жайға немесе телефондарға хабарласуыңызға болады: Алматы қ., Достык 192/2 даңғылы, «Green Tower» бизнес орталығы, телефондар: 244-55-66, іш. 3113,3116