15.05.2018
Шаштараздар, сұлулық салондары, SPA-орталықтар әдетте әйел кәсіпкерлердің бизнесі саналады. Кез-келген әйел өз сұлулық салонының болғанын қалайды және ол жерде өзі сәнденіп қана қоймай, басқа нәзік жандарға да сұлулық сыйлағысы келеді.
Елена Левкинада да осыны армандаған. Ал «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бұл арманды жүзеге асыруға көмектесті.
Бағдарлама туралы Елена Александровна «Даму» қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келгенде білді. Оған құжаттарды толық жинауға көмектесіп, банктің шешімі қабылданғанға дейін жобасына қолдау көрсетілді.
Коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алуға «Нұрбанк» АҚ 6% мөлшерінде несие берді. Қазір бұл «Акварель» атты жайлы сұлулық салоны. Несие бойынша кепілдің жоқтығы «Даму» қорының кепілдігімен шешілді.