Астанада 5-7 мамыр аралығында «Көрме» орталығында, «Біздің қолдауымыз - Сіздің дамуыңыз» ұранымен, отандық тауар өндірушілердің жыл сайынғы «Ulttyq O’nim» көрмесі өтті. «Даму» Қоры бұл шараны 2015 жылдан бастап ұйымдастырып келеді. Көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен кәсіпкерлер келді.
Бұл көрмеге Маңғыстау облысының ең белсенді кәсіпкерлері де қатысты. Атап айтқанда: «Ақтау кондитерлік фабрикасы «Волна» ЖШС, «Маga bread» ЖШС, «MKS Logistics» ЖШС, «Zhamalai LTD» ЖШС, «Studio Gauhar Amirova» ЖК, «Жекенова» ЖК, «R.OX» ЖК, «Integrated Suply Services» ЖШС, «Абдуллаева Б.» ЖК, «НПП «Kazakh Osseter» ЖШС. Сәндік шоу кезінде жеңіл өнеркәсіп саласының қатысушылары «Studio Gauhar Amirova» ЖК мен «Жакенова» ЖК әйелдер мен ерлер киімдері топтамасын ұсынып, көрме дипломымен марапатталды.
«Ulttyg Ónim» көрмесі мемлекеттік қолдауға ие болған Қазақстандық өндірушілер арасында кең танымал. Көрме Қазақстандағы кәсіпкерлікті және отандық өндірушілерді дамытуға арналған кең ауқымды жаңа алаңға айналды.