menu
Жабу

Каспий теңізінің жағалауында «Айдын» мейрамханасы ашылды

Жаңалықтар
21.05.2018

Маңғыстау аймақтық «Саяхат» бағдарламасының негізгі мақсаты - өңірге туристер тарту және Маңғышлақ түбегіндегі туризмді дамыту. Қазір мемлекеттік бағдарламалар кез келген кәсіпкер үшін қолжетімді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ серіктес банктер арқылы алынған несиені субсидиялап келеді. Сонымен қатар, кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда Қордың кепілдігін пайдалануға да болады. Банктен несие алар алдында кәсіпкерлерге құжат жинап, бизнес-жоспар жазуға да мемлекет тарапынан тегін көмек көрсетіледі.

        Бүгін әңгіме арқауы болып отырған жеке кәсіпкер «Жарымбетов Ж.К.» туристік саладағы кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі аймақтық бағдарлама аясында қаржы алған. Қазір жобасы табысты жүзеге асып келеді. Қаланың ең көрікті мейрамханаларының бірі, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан «Айдын» мейрамханасы келушілерге есігін айқара ашты. Несие «ЦентрКредитБанк» АҚ арқылы рәсімделді. Клиентке жылына 7,8%-бен жеңіл қаржыландыру ұсынылды. Бұл жобаның мақсаты - «Айдын» кафе-мейрамханасын қайта құруға инвестиция салу еді. Ақша Айдын кафе-мейрамханасының құрылысын аяқтау үшін құрылыс материалдарын сатып алуға жұмсалды.

Қазір «Айдын» мейрамханасын қайта жаңарту бойынша барлық жұмыстар аяқталдыЖоба сәтті іске асырылды.