«Еңбек» бағдарламасы табысқа жетелейді

Жаңалықтар
22.05.2018

Берік Байкөшенов кәсіп бастамас бұрын ұзақ жылдар бойы вагон депосында қызмет атқарған. Тұрақты табыс пен жайлы жұмысқа үйренген Беріктің өмірге деген көзқарасы төртінші баласы дүниеге келгеннен кейін мүлдем өзгеріп, бизнес бастауға бел буды. Кәсіпкерліктен еш хабары жоқ Берік Байкөшенов табыс пен құлдыраудың қатар жүретінін білсе де, өз ойынан қайтпай, тек алға қарай ұмтыла білді.

   Нарықты зерттей келе, Берік Байкөшенов жарнама агенттігін ашты. Іс бастаушы кәсіпкер өз қаржатына шағын қондырғы алып, бейдж, есімхат, шақыру билеттері секілді заттарды жасап шығара бастады. Тұрақты клиенттер мен тапсырыс санының артуына орай, көп ұзамай шағын кәсіпорнға жаңа қондырғы қажеттігі туындады. Берік «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына кеңес алуға барып, несие алуға шешім қабылдады. Қор кеңесшісі Шолпан Үндірбаева кәсіпкерге несие алуға қажетті құжаттар дайындауға көмек көрсетіп, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысуға кеңес берді. Нәтижесінде, Берік Байкөшенов аталған бағдарлама аясында небәрі 6%-бен несие алып, баннер шығаруға және көлемді әріптер кесуге мүмкіндік беретін кескіш плоттер мен кең форматты принтер сатып алып, кәсібін дамытуға мүмкіндік алды.

 

-         Бизнесті сәтті жүргізу үшін күнделікті тынбай еңбектену қажет. Сонымен қатар үнемі ізденіс үстінде жүріп білім алып, кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылмаса барлығы бекер болады. Бизнесті табысты жүргізу үшін уақытылы оған қаражат құйылу қажет, ал мұндай мүмкіндікті мемлекеттік бағдарламаға қатысу арқылы шешу қарастырылған. Барлық мүмкіндіктер мен жеңілдіктер туралы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан біліп отыруға болады,- деп өз ойымен бөлісті Берік Байкөшенов.

Айта кететін болсақ, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнес ашуға және оны дамытуға 6 %-бен 19 млн теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар.