menu
Жабу

Жыл сайынғы ULTTYQ O'NIM көрмесіне Павлодардың отыз компаниясы қатысты

Жаңалықтар
15.05.2018

5 мамырдан 7 мамырға дейін Астана қаласында өткен ULTTYQ O’NIM атты жыл сайынғы көрмеде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, несие кепілдігі, гранттық қаржыландыру, оқыту түрінде мемлекеттен қолдау алған Павлодар облысының 30 компаниясы қатысты.

Көрмеде барлығы 350-ден астам отандық компания өз тауарларын және қызметтерін ұсынды. Биыл өткен көрмеде Павлодар облысынан тамақ өнеркәсібі саласының кәсіпорындары болды. Көрмеге келушілер ЖШС «Крендель», ЖШС «Агрофирма Ақжар Өндіріс», ЖШС «Смак», ЖШС «МолКом», ЖШС «Best Milk», ЖШС «Агграй», ЖК «Питкевич-Дризленок» (Хлебный Двор), ЖК "Цай Виктория Валериевна" (ТМ «Вкусные истории), ЖК Стоянов С.С. Fishline kz.

Көрмебарысында «Халық Таңдауы» дәм байқауы өтті. Суық ысталған балық байқауына ЖК «Стоянов» өнімдері ұсынылды, ал 2,5% майлылығы бар айранды Best Milk, МолКом компаниялары ұсынды. «Best Milk» ЖШС құлпынай мен қара өрік дәмі бар йогурт байқауына қатысты.

Үш күн ішінде көрме барысында Павлодардың компаниялары 3,5 млн теңгеден астам сомаға өнім сатты.

Егер мемлекеттік бағдарламаларға, Қордың бағдарламаларына қатысқыңыз келсе, «Даму» Қорының Кәсіпкерлікті қолдау орталығына хабарласыңыз, біздің мекен-жайымыз: Павлодар қаласы, Короленко көшесі, 109, телефондарымыз : 87182 20 83 59, 70 38 10.