Кеңес ал!
S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қордың рейтинг болжамын қайта қарап, «оң» деп белгіледі
Сонымен қатар Қордың ұлттық шкала бойынша рейтингі «kzAAA» деңгейінде расталды.
Moody’s халықаралық рейтингтік агенттігі Қордың болжамын «Тұрақты»-дан «Позитивті»-ге жақсартты.
2024 жылдың 11 қыркүйегінде Қордың тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингін Baa3/Prime-3-тен Baa2/Prime-2 -ге дейін жоғарылатқаны туралы хабарлаймыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының рейтингі мен болжамының жоғарылауы себепті, Қордың болжамын «Позитивті»-ден «Тұрақты»-ға өзгертті.
Қордың ұлттық шкала бойынша рейтингі «Aa2.kz» деңгейінде расталды.

S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық рейтингтік агенттігі Қорға «22» рейтингін берді. Бағалау «Даму» Қорының 2022 жылғы тұрақты даму саласындағы қызметін талдау негізінде жүргізілді.
«Даму» Қоры Қазақстан Республикасының қаржы институттары арасында алғашқылардың бірі болып ESG бағалауын алды. Халықаралық рейтингте тұрақты даму саласындағы қаржы ұйымдарының орташа балы «21» деңгейінде бекітілгенін атап өткен жөн.
