menu
Жабу

Омбудсмен Фонда

Қор Туралы

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Омбудсмен институты ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жалғыз акционері, Директорлар кеңесі және Басқармасы қабылдайтын бастамалар, шаралар мен іс-қимылдар аясында:

корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша ішкі бақылау жүйесін күшейту және шаралар қабылдау;

Қор қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауы;

қорда туындайтын әлеуметтік-еңбек дауларын оңтайлы реттеу;

Қордың имиджін жақсарту.

Омбудсмен өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Жарғыға, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өзге ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Омбудсмен тікелей Директорлар кеңесіне есеп береді және өз қызметін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма мүшелерінен тәуелсіз жүзеге асырады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі негізінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ омбудсмені болып «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы аппаратының басшысы Акрачкова Дина Викторовна тағайындалды.

Қордың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері, сондай-ақ мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, Іскерлік әдеп кодексін және Қордың басқа да ішкі нормативтік құжаттарының бұзылуы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер мәселелері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін тікелей немесе жасырын түрде омбудсменге жүгінуге құқылы: 

  • Телефоны бойынша: +7 (7172) 91-91-20
  • Электрондық пошта: d.akrachkova@baiterek.gov.kz
  • Поштамен хат жолдау үшін: 010000, Қазақстан Республикасы, Z05T3E2, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55 А үй, омбудсменге
  •  Омбудсмен. Үзінді
    «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Омбудсмен туралы ереже