Кеңес ал!
| «Даму» Қоры мен «Қазкоммерцбанк» АҚ бірлесіп «Жұлдыздарға қара» атты жобаны жүзеге асырды. Бұл бағдарлама мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кәсіпкерлік ынтасын қолдауға бағытталған. | ||||
| Бұл жобаны жүзеге асыру - мүгедек кәсіпкерлерге ұдайы қолдау көрсетуді жүйелендіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. | ||||
| Жобаның мақсаты - Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың Грант жеңіп алуы арқылы бизнеске келіп, мақсатты түрде алға жылжуына сеп болу. | ||||
| Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі іс бастаушы кәсіпкерлерге Грант бөлінеді. Ол үшін үміткерлер тиісті қалыпта, белгіленген уақытта өтінім беруі керек. Қаражат Грант иегерінің шотына аударылып, өтінімде көрсетілген тауар сатып алуға жұмсалады. | ||||
|
Грант иегерлері байқау нәтижесінде жарияланады. Грант иегерлерін анықтау мен грант тапсыруды Жоба аясында "Құс жолы қайырымдылық қоры" ҚҚ атқарады. |
||||
| Бір Грант сомасы | 300 мыңнан аспайды. | |||
| Гранттардың жалпы саны | максимал саны 48 (қырық сегіз) грант, әр қаладан қатысушылар арасында бөлінеді, бірақ бір қалаға 3 гранттан аспайды. | |||
| Қатысуға өтінім қайда қабылданады | Жобаға қатысуға өтінімді «Даму» Қорының аймақтық филиалдары қабылдайды. | |||
| Құжаттар | Өтінім түрі мен оны толтыру жайы, құжаттар тізімі туралы ақпаратты : www.damu-komek.kz и www.kuszholy.kz ресурсында берілген | |||