ТОП 10 вопросов

Базалық мөлшерлеме дегеніміз не?

Базалық мөлшерлеме ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі құралы болып табылады, ол ақша нарығындағы номиналды банкаралық пайыздық мөлшерлемелерді реттеуге мүмкіндік береді. Базалық мөлшерлеме деңгейін белгілей отырып, ҚР Ұлттық Банкі орта мерзімді кезеңде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа қол жеткізу үшін ақша нарығының таргеттелетін (нысаналы) банкаралық қысқа мерзімді мөлшерлемесінің нысаналы мәнін айқындайды.

Неліктен банктер көптеген құжаттарды сұрайды?

Құжаттардың стандартты пакеті субсидиялау және кепілдік беру бағдарламаларымен айқындалады. Банк қосымша құжаттар пакетін сұратуға құқылы. "Даму" Қоры ЕДБ ішкі саясатына араласуға құқылы емес.

* ЕДБ-екінші деңгейдегі банк

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағына не кіреді?

Мемлекеттiк қолдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсатында, келесі қызметтерді атқаратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның iшiнде микрокәсiпкерлiк деп тануға болмайды:

1.            Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет;

2.            Акцизделетін өнім өндіру және (немесе) көтерме сату;

3.            Астық қабылдау пункттерінде астықты сақтауға қатысты қызметтер;

4.            Лотерея ойнату;

5.            Ойын бизнесіндегі қызмет;

6.            Радиоактивті материалдар айналымына байланысты қызмет;

7.            Банк қызметі (немесе банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агенті қызметін қоспағанда);

8.            Аудиторлық қызмет;

9.            Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;

10.            Кредиттік бюролар қызметі;

11.            Күзет қызметі;

12.            Азаматтық және қызметтік қару мен оның оқтарының айналымына байланысты қызмет;

13.            I кіші түрдегі цифрлық майнинг қызметі;

Неліктен ЕДБ/МҚҰ қаладан тыс орналасқан жылжымайтын мүлікті қабылдамайды (мысалы, ауылдық жердегі үйлер, саяжайдағы үйлер?

Кепіл-бұл қарыз алушыға тиесілі және несиенің қайтарылатынына кепілдік болып табылатын құнды мүліктің бір түрі. ЕДБ/МҚҰ үшін кепілге берілген несие несиелеудің ең қауіпсіз түрлерінің бірі болып табылады. Қарыз алушыға тиесілі пәтер, кеңсе, өндірістік үй-жай, автомобиль, бағалы қағаздар немесе банктік салым несие алу үшін кепіл бола алады. Несие алу үшін кепіл ретінде қарастырылатын мүліктің өтімділігі жоғары болуы маңызды. Несие бойынша тәуекелдерді ЕДБ/МҚҰ дербес көтереді, сондықтан кепіл саясаты ЕДБ/МҚҰ-дан шығады. Егер ЕДБ/МҚҰ кепіл саясаты аудандардағы, ауылдық елді мекендердегі кепіл ретінде қарауға мүмкіндік берсе, онда бұл жағдайда барлық тәуекелдерді бағалап, несие бойынша төлем қабілеттілігін мұқият тексергеннен кейін ЕДБ/МҚҰ жылжымайтын мүлік кепілімен несие беру туралы түпкілікті шешім шығарады.

* ЕДБ-екінші деңгейдегі банк

* МҚҰ-микроқаржылық ұйым

Кепілсіз несиелер бар ма?

«Даму» Қоры бағдарламалары шеңберінде кепілсіз кредит беру қарастырылмаған, бірақ «Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бағыты шеңберінде шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер/микрокредиттер үшін берілген кепілдік сомасы несие/микрокредит сомасының 85% дейін құрайды, несие сомасының қалған бөлігін екінші деңгейдегі банктің/микроқаржы ұйымының (жылжымайтын мүлік, депозиттегі қаражат және т.б.) қалауы бойынша кәсіпкер өтейді.

Неліктен бизнесті жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар жоқ?

"Даму" Қорының бағдарламалары стартап-жобаларын қаржыландыруға тыйым салмайды. Стартап-жобалар қандай да бір бағдарламаның шарттарына және ЕДБ/МҚҰ/ЛК талаптарына сәйкес келген жағдайда қаржыландырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, жобаларды, оның ішінде стартап жобаларды іріктеу, қарау және барлық шешімдерді ЕДБ/МҚҰ ішкі несиелеу саясатына сәйкес дербес қабылдайтынын атап өту қажет. "Даму" Қоры қаржыландыру ұйымының ішкі саясатына араласуға құқылы емес.

Сондай-ақ, ЕДБ / МҚҰ сала бойынша жұмыс істеп тұрған бизнестен ерекшеленетін қызметтің жаңа саласында бизнес ашу кезінде стартап-жобаларды қарайды.

* ЕДБ-екінші деңгейдегі банк

* МҚҰ-микроқаржылық ұйым

* ЛК-Лизингтік компания

Өтінім берудің жолдары қандай, алдымен банкке немесе "Даму" қорына жүгіну керек?

Кәсіпкердің өтінішін қарау механизмі:

Субсидиялау құралы бойынша:
Клиент ЕДБ/МҚҰ/ЛК-ға өтініш береді. Шешім оң болса, кәсіпкер өз бетінше «Даму» қорына өтініш жібереді. ЕДБ/МҚҰ/ЛК оң шешімі болған жағдайда өтінішті:

1)    EGOV порталы

2)    https://online.damu.kz/

3)    Бумажный носитель, Қор филиалы арқылы қағаз түрінде беруге болады.

Кепілдік құралы бойынша:

«Микро-және шағын бизнесті қолдау» (портфельдік субсидиялар/кепілдіктер) бағыты бойынша банк Қорға хабарлама мен төлем кестесін дербес жібереді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің субсидиялау және кепілдік беру өтініштерін қараудың әрбір құралы бойынша егжей-тегжейлі түсіндірулер https://damu.kz/programmi/ «Біздің қолдауымыз» бөлімінде орналастырылған презентацияларда көрсетілген.

*ЕДБ – екінші деңгейлі банк

*МҚҰ-микроқаржы ұйымы

*ЛК- лизингтік компания

Несиені мақұлдау ықтималдығы қандай?

Несие өтінімі бойынша шешімді жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігін бағалау негізінде ЕДБ/МҚҰ/ЛК қабылдайды. Егер сіздің жеке бизнесіңіз, оң несие тарихыңыз болса және сіз адал салық төлеуші болсаңыз, онда "Даму" Қорының қолдауымен банктен қаржыландыру алу мүмкіндігі барынша жоғары.

Бизнес-жоспарды қалай құруға болады?

Әрбір кәсіпкер Интернетте ұсынылған үлгілерді пайдалана отырып, өз бетінше бизнес-жоспар (бұдан әрі - БЖ) жасай алады. Сонымен қатар, кредит алуға БЖ үшін ЕДБ/МҚҰ/ЛК-мен олардың БЖ мазмұнына қойылатын талаптарын нақтылаған жөн. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде субсидиялау құралы бойынша кәсіпкерлердің бизнес-жоспарында көрсетілуі тиіс қарсы міндеттемелері бар, атап айтқанда:

Төленген салықтарды (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) ұлғайту кезеңдері, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді қоса алғанда, салық декларациясы деректері негізінде жұмыс орындарын сақтау немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту кезінде еңбекақы қорының өсуіне қол жеткізу және (немесе) әлеуметтік аударымдар, қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін («Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясында қатысуға өтінім берген кезде) 10%-ға ұйлғайту;

Төленген салықтарды (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) ұлғайту кезеңдері, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы қорының өсуіне қол жеткізу және салық декларациясы деректері негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын арттыру, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар, қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10%-ға («Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау» бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген кезде) ұлғайту;

Кодекстің 24-бабында көзделген көрсеткіштерге сәйкес, «Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау» бағыты аясындағы сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден асатын жобалар бойынша кәсіпкер 3 (үш) жылдан кейін шағын кәсіпкерлік субъектісінен орта кәсіпкерлік субъектісі санатына өтеді;

«Моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша: төленген салықтарды (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) ұлғайту кезеңдері, сондай-ақ салық декларациясы деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, жалақы қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10%-ға ұлғайту;

«Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау», «Шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау», «Моно- және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлікті қолдау» әлеуметтік кәсіпкерлік бағыттары аясында инвестициялық жобаларды іске асыру шарты 24 (жиырма төрт) айдан аспайды.

Қарыз сомасы 10 (он) миллиард теңгеден асатын инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг үшін өтінім беруші бекіткен, онда қаржылық көрсеткіштер көрсетілген жобаның бизнес-жоспары: соңғы екі жылдағы ретроспективті деректер (бар болса), қаржыландырудың бүкіл кезеңіне болжамды деректер және жобаны іске асыру кестесі қажет.

*ЕДБ – екінші деңгейлі банк

*МҚҰ-микроқаржы ұйымы

*ЛК лизингтік компания

Неліктен Қор тікелей несие бермейді?
"Даму" Қоры несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және несиелерге кепілдік беру түрінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау құралдарын іске асыратын қаржы агенті болып табылады. "Даму" Қорының барлық бағдарламалары ЕДБ / МҚҰ / ЛК арқылы іске асырылады, яғни "Даму" қоры кәсіпкерлерге тікелей несие беруді жүзеге асырмайды.