info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Даму Оптима

"Даму Оптима"

Талаптар

Кепілдік мөлшері

50% аспайды

Максимал сома

500 млн. тг. дейін

Мақсаты

инвестиция; айналым қаражатын толықтыру

Мерзімі

шартта айқындалған

МҮМКІНДІКТІ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

Аз уақытта көп іс тындыруды бастаңыз. Кепілзат жетіспеген кездегі кепілдіктер online.damu.kz сайтында

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Сүйемелдеу

Құжаттарды дайындауға біздің менеджерлердің көмегі

Ыңғайлылық

Үйден шықпай-ақ кепілдік алуға онлайн өтінім
беріңіз

Жылдамдық

Қор тарапынан қысқа мерзімде кепілдік
қарастыру

Сенімділік

Бізге сенеді. 10 000-нан астам жоба "Даму" Қоры арқылы кепілдік алды

Кім қатыса алады

Шағын және орта бизнес субъектілері

Кепілдік берілетін несие шарттары:

Несиенің максимал лимиті:

- іс бастаушы кәсіпкер үшін  - 30 млн теңгеге дейін

- бизнесі 3 жылдан астам жұмыс істеп тұрған кәсіпкер үшін  - 500 млн теңгеге дейін

Қарыздың мақсаты  инвестиция, айналым қаражатын толықтыру, қолда бар қарыздарды қайта қаржыландыру.

Қарыз мерзімі

Бағдарлама бойынша шектеу жоқ. Банктің несие шартында / несие желісін ашу туралы келісімінде анықталады

Сыйақы мөлшерлемесін және негізгі борышты өтеуге арналған жеңілдік кезеңі

Бағдарлама бойынша шектеу жоқ. Банктің несие шартында / несие желісін ашу туралы келісімінде көрсетіледі

Сыйақы мөлшерлемесін және негізгі борышты өтеу тәртібі

Бағдарлама бойынша шектеу жоқ. Банктің несие шартында / несие желісін ашу туралы келісімінде көрсетіледі.

 

Шектеулер

1. Кепілдік берілмейтін несиелер*:

Қор жүзеге асыратын, мемлекет тарапынан кепілдік берілетін бағдарламалар шарттарына сай келетін несиелерге кепілдік берілмейді*;

2. Кәсіпкер жобаны жүзеге асыру үшін оның жалпы құнының кем дегенде 20%-ы мөлшерінде (ақшалай, жобаны жүзеге асыруға қатысатын үшінші тұлғалардың мүлкі де жарайды, жылжитын/ жылжымайтын мүлік) өз қаражатын салуы керек.

Жобаға салынған кез келген мүлік салым ретінде қарастырылады.

Кепілзат ретінде өз ақшасын ұсыну да жобаға салым салған болып есептеледі.

* Қор басқармасының шешімі бойынша, белгілі бір өңірде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінетін сол жылғы бюджет қаражаты (трансферттердің) болмаса және/немесе толық игеріліп кетсе – мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына сәйкес келетін несиелерге кепілдік беруге жол беріледі.

Несие валютасы

Теңгелей

Кәсіпкердің заем бойынша Банк алдындағы міндеттемелерін орындау үшін кепілдігі

1) Қарыз бойынша талаптарды банктің кепілдік саясатына сәйкес банк өзі белгілейді.

2) қарыз сомасының банктің уәкілетті органының шешімінде көрсетілген кепіл құнының кемінде 50% мөлшеріндегі кепілдеме.

3) Кәсіпкер Банк белгілеген мезгілде, қосымша кепіл ретіндегі инвестициялық мақсаттар үшін берілген банк қарызы есебінен сатып алынатын барлық жылжымалы және / немесе жылжымайтын мүліктерді көрсетуі тиіс

Кепілдік беру шарттары

Кепілдік өлшемі

- іс бастаушы кәсіпкер үшін - несие сомасының 85% - на дейін

- бизнесі 3 жылдан астам жұмыс істеп тұрған кәсіпкер үшін - несие сомасының 50% - на дейін

Кепілдік мерзімі

Несие мерзімінен аспайды.

Кәсіпкердің заем бойынша Қор алдындағы міндеттемелерін орындау үшін кепілдігі

Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау үшін кәсіпкер Қорға жылжымалы / жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылар мен үшінші тұлғалардың кепілдіктерін ұсына алады. Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында кәсіпкердің Банк саясатына қайшы келгені немесе несие бойынша жеткіліксіз болғандықтан банк қабылдамай қойған жылжымалы / жылжымайтын мүлкін, сондай-ақ құрылтайшылар мен үшінші тұлғалардың кепілдіктерін Қор қабылдай алады. 

Кәсіпкердің Қорға төлейтін комиссиясы

Кепілдік шартына қол қойылған күнінен кешіктірмей, кәсіпкер Қорға берілген кепілдік сомасының 2,5% мөлшерінде бір жолғы комиссияны төлейді.

Кепілдік шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, кәсіпкер жыл сайын Комиссияға кепілдік берілген соманың қалдығының 2,5% комиссиясын төлейді. Кәсіпкер Қорға кепілдік келісім-шартының бүкіл мерзімі бойы комиссиясын бір мезетте толық төлей алады.

Банк кәсіпкер үшін Қорға кез-келген уақытта немесе жыл сайын Қорға кәсіпкер үшін бағаланатын кез келген алымдар мен айыппұлдарды төлеу құқығына ие.

Қарыз бойынша негізгі борышты өтеу / ішінара өтеу кезінде кепілдік шартында өзгеше белгіленбесе, кепілдік сомасы қатысу мөлшеріне көбейтілген негізгі өтеу сомасына тең сомаға азаяды.

Ерекше шарттар

* Уәкілетті органның шешіміне қосымша талаптар мен шарттарды белгілеуге жол беріледі, оның ішінде орындалмауына байланысты кепілдіктің тоқтатылуы / жойылуы жағдайлары да бар.