Кеңес ал!

Ережелер мен шарттар

Сома

7 млрд тг дейін («ADCB Ислам Банкі» АҚ); 1 млрд тг дейін («Қазақстан Иджара Компаниясы» АҚ)

Мақсаты

Инвестициялар; ПОС; Қайта қаржыландыру («ADCB Ислам Банкі» АҚ) Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру; Қолданыстағы лизингтік міндеттемелер бойынша қайта қаржыландыру («Қазақстан Иджара Компаниясы» АҚ)

Мерзімі

7 жылға дейін («ADCB Ислам Банкі» АҚ); 10 жылға дейін («Қазақстан Иджара Компаниясы» АҚ)

Несие пайызы

12,6%-дан аспайтын («ADCB Ислам Банкі» АҚ); 17% («Қазақстан Иджара Компаниясы» АҚ)

Исламдық қаржы калькуляторы

Қаржыландыру сомасы (теңге)
0 500 000 000
Қаржыландыру кезеңі (айлар)
6 84

Серіктес

"ADCB" Ислам Банкі" АҚ

Қаржыландыру түрі

Айналым капиталы

Максималды ұсыныс

16.5 %

Шамамен төлем

0.00

* Барлық параметрлер серіктеспен келісіледі.

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Сүйемелдеу

Құжаттарды дайындауға біздің менеджерлердің көмегі

Ыңғайлылық

Үйден шықпай-ақ кепілдік алуға онлайн өтінім беріңіз

Жылдамдық

Қор тарапынан қысқа мерзімде кепілдік қарастыру

Сенімділік

Бізге сенеді. Қор 65 000 астам жобаны бағдарламалар арқылы қолдады

Мақсатты сегмент

Микро, шағын және орта жеке кәсіпкерлік субъектілері

Мақсатты тағайындалуы

1) тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату шартынсыз немесе тауарды кейіннен үшінші тұлғаға сату шарттарымен коммерциялық несие (мурабаха):

- инвестициялар (жабдықтар, арнайы техника, коммерциялық көлік құралдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндірілген жеңіл автомобильдер). Аталған мүліктердің барлық түрлері отандық өндіріс (Қазақстан Республикасында өндірілген) болуы тиіс. Бұл ретте, кабинадан бөлінген жүк тасымалдауға арналған шанағы немесе жүк платформасы бар автомобильдерді сатып алуды қоспағанда, бір бірлік үшін 3 500 (үш мың бес жүз) АЕК-тен аспайтын мөлшердегі құнына шектеу жеңіл автомобильдерге қолданылады;

- айналым капиталын/айналым қаражатын қаржыландыру (Тауарлық мурабаха мәмілесі арқылы);

- ҚМШК-ға 01.01.2025 ж. ерте берілмеген қолданыстағы қаржыландыру желілері бойынша қаржыландыру көзін қайта қаржыландыру/ауыстыру.


2) Ислам лизингі (иджара) серіктестің жалға алынған активтің меншігін ШОБ-қа беру міндеттемесі немесе ШОБ-ның жалға алынған активті сатып алу міндеттемесі болған кезде, сатылымдағы ШОБ-тарды қаржыландыруға және қайталама ислам лизингісіне рұқсат етіледі:

- инвестициялар (жабдықтар, арнайы жабдықтар, коммерциялық көліктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндірілген жеңіл автомобильдер). Барлық көрсетілген мүлік түрлері отандық өндірісте болуы тиіс (ҚР-да өндірілген). Сонымен қатар, жүктерді тасымалдауға арналған, кузовы немесе жүк платформасы салоннан бөлек көлік құралдарын сатып алуды қоспағанда, жеңіл автомобильдерге бір бірлікке 3500 (үш мың бес жүз) АЕК-тен аспайтын шығындар шегі қолданылады

Лизинг заты - Серіктес сатушыдан сатып алу-сату шарты бойынша кейіннен ҚМШК-ға қаржылық лизинг шарты бойынша беру үшін сатып алатын мүлік. Бұл ретте лизинг заты жабдықтар, арнайы техника, коммерциялық көлік құралдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндірілген жеңіл автомобильдер бола алады. Аталған мүліктердің барлық түрлері отандық өндіріс (Қазақстан Республикасында өндірілген)6 болуы тиіс. Бұл ретте, кабинадан бөлінген жүк тасымалдауға арналған шанағы немесе жүк платформасы бар автомобильдерді сатып алуды қоспағанда, бір бірлік үшін 3 500 (үш мың бес жүз) АЕК-тен аспайтын мөлшердегі құнына шектеу жеңіл автомобильдерге қолданылады.

Бір ҚМШК субъектісіне қаржыландыру лимитінің максимал сомасы

1) ЕДБ үшін:

- инвестицияларға – Қор қаражатын шартты орналастырудың барлық бағдарламалары бойынша қолданыстағы міндеттемелерді ескере отырып, бір ҚМШК-ға/байланысты ҚМШК тобына 7 000 000 000 (жеті миллиард) теңгеден аспайды (қоса алғанда);

- айналым қаражатын толықтыруға (бұдан әрі – АҚТ) - Қор қаражатын шартты орналастырудың барлық бағдарламалары бойынша қолданыстағы міндеттемелерді ескере отырып, бір ҚМШК-ға/байланысты ҚМШК тобына 3 500 000 000 (үш миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайды (қоса алғанда);

Қор қаражатын шартты орналастырудың барлық бағдарламалары бойынша қолданыстағы міндеттемелерді ескере отырып, бір ҚМШК-ға/байланысты ҚМШК тобына қаржыландыру лимитінің максимал сомасы 7 000 000 000 (жеті миллиард) теңгеден аспауы тиіс.


2) Лизингтік компаниялар үшін:

- бір ҚМШК-ға 1 000 000 000 (бір миллиард) теңгеден аспайды.

ҚМШК-ның лизингтік компаниялар алдындағы негізгі борышының қалдығы бойынша жиынтық сальдосы 1 000 000 000 (бір миллиард) теңгеден аспауы тиіс.

Ислам лизингі/коммерциялық несие бойынша пайда (табыс) мөлшерлемесі

1) ЕДБ үшін - жылдық **12,6%** (он екі бүтін алты оннан бір пайыздан) аспайды;

2) Лизингтік компаниялар үшін – жылдық **17%** (он жеті пайыздан) аспайды.

Қаржыландыру мерзімі

1) ЕДБ үшін - 120 айдан аспайды, оның ішінде:

- инвестицияларға 120 айдан аспайды,

- айналым капиталын/айналым қаражатын қаржыландыруға 36 айдан аспайды.

- ҚМШК-ның қолданыстағы қарыздары бойынша берешекті қайта қаржыландыру/қаржыландыру көзін ауыстыру – қайта қаржыландырылатын берешектің мерзімінен аспайды.


2) Лизингтік компаниялар үшін - 120 айдан аспайды;

Лизингтік төлемдерді/коммерциялық несие бойынша төлемдерді өтеу бойынша жеңілдік кезеңі

**12 айдан** аспайды

Ерекше шарттар

Отандық өндірістің «Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісі бар активтерін Қазақстан Республикасының СТ РК 3836 «Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісі. Техникалық талаптар» және СТ РК 3837 «Қазақстанда жасалған» таңбалау белгісін қолдану тәртібі» ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес сатып алуға жол беріледі.

Қосымша шарттар

1) Коммерциялық несие бойынша қаржыландыру Серіктестің Кепіл саясатына сәйкес кепілмен қамтамасыз етумен ұсынылады. Серіктестер сондай-ақ Серіктестің Кепіл саясатына сәйкес ислам лизингі бойынша кепілмен қамтамасыз етуді қабылдай алады.

2) Серіктес ислам лизингі затын сақтандыруды жүзеге асырады.

3) ҚМШК коммерциялық несие бойынша сатып алынатын негізгі құралдарды, сондай-ақ ислам лизингі, коммерциялық несие шарты бойынша берілетін кепілдік қамтамасыз етуді сақтандыруды жүзеге асырады.

4) ҚМШК кепілмен қамтамасыз етуді тәуелсіз бағалаушы компаниялардың бірінде бағалауды жүзеге асырады.

5) Кепіл шартын уәкілетті тіркеуші органда тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты шығыстар ҚМШК қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қаржыландыруға тыйым салынады

- бұрын жүзеге асырылып келген қызметті жалғастыру мақсатында жұмыс істеп тұрған бизнесті және жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу мәмілелерін қаржыландыруға, сондай-ақ жалған және жасанды мәмілелерге тыйым салынады, басым бағыттар шеңберінде жаңа бизнесті іске қосу немесе бұрын тоқтатылған қызметті қайта жандандыру жағдайларын қоспағанда;

- ШОБ субъектілерінің лизингтік мәмілелерін қайта қаржыландыру мақсаттарына;

- сублизинг бойынша операцияларға;

-отандық өндірушілерде баламасы жоқ импорттық өндірістегі негізгі құралдарды сатып алуға, оның ішінде:

- әрлеу-құрылыс материалдары;

- жабдықтар, арнайы техника және қосалқы бөлшектер;

- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылатын кәсіпкерлердің жобаларына

"ADCB" Ислам Банкі" АҚ

Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі

р/с №

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші коды (ЭҚЖЖ)

Атауы

1. Өңдеу өнеркәсібі

1

10.1

Етті қайта өңдеу және консервілеу

2

10.2

Балықты, шаян тәрізділерді және молюскілерді қайта өңдеу және консервілеу

3

10.3

Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу

4

10.4

Өсімдік және жануар майларын өндіру

5

10.5

Сүт өнімдерін өндіру

6

10.6

Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін өндіру

7

10.7

Нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру

8

10.8

Басқа да тамақ өнімдерін өндіру

9

10.9

Жануарларға арналған дайын жемшөп өндіру

10

11.06

Уыз (солод) өндіру

11

11.07

Алкогольсіз сусындар, минералдық сулар және бөтелкедегі басқа да суларды өндіру

12

13.2

Тоқыма өндірісі

13

13.3

Маталар мен тоқыма бұйымдарын өңдеу

14

13.9

Басқа да тоқыма бұйымдарын өндіру

15

14.1

Тері өнімдерінен басқа киім өндіру

16

14.2

Тері бұйымдарын өндіру

17

14.3

Тоқылған және трикотаж киімдерді өндіру

18

15.1

Теріні илеу және өңдеу; жол керек-жарақтарын, ер-тұрман бұйымдарын өндіру; теріні өңдеу және бояу

19

15.2

Аяқ киім өндіру

20

16.2

Ағаштан, тоқылған материалдардан, тығыннан, сабаннан жасалған бұйымдарды өндіру

21

17.1

Ағаш массасы мен целлюлозаны, қағаз бен картонды өндіру

22

17.2

Қағаз бен картоннан жасалған бұйымдарды өндіру

23

20.1

Негізгі химиялық заттарды, тыңайтқыштар мен азот қосылыстарын, бастапқы формадағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру (ЭҚЖЖ 20.15 Тыңайтқыштар мен азотты қосылыстар өндіруді қоспағанда)

24

20.2

Пестицидтерді және басқа да агрохимиялық өнімдерді өндіру

25

20.3

Бояулар, лактар және соған ұқсас жабындарды, баспа бояулары мен мастикаларды өндіру

26

20.4

Сабын, жуғыш, тазартқыш, жылтыратқыш, парфюмериялық және косметикалық құралдарды өндіру

27

20.5

Басқа да химиялық өнімдерді өндіру

28

20.6

Жасанды және синтетикалық талшықтарды өндіру

29

21.1

Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру

30

21.2

Фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдарды өндіру

31

22.1

Резеңке бұйымдарын өндіру

32

22.2

Пластмасса бұйымдарын өндіру

33

23.1

Шыны және шыны бұйымдарын өндіру

34

23.2

Отқа төзімді бұйымдарды өндіру

35

23.3

Саздан жасалған құрылыс материалдарын өндіру

36

23.4

Басқа да фарфор және керамикалық бұйымдарды өндіру

37

23.5

Цемент, әк және құрылыс гипсін өндіру (ЭҚЖЖ 23.51 Цемент өндіруді қоспағанда)

38

23.6

Бетоннан, цементтен және құрылыс гипсінен жасалған бұйымдарды өндіру (ЭҚЖЖ 23.63 Тауарлық бетон өндірісі)

39

23.7

Тасты кесу, өңдеу және аяқтау

40

23.9

Абразивтік және басқа да металл емес минералдық өнімдерді өндіру

41

24.2

Болаттан жасалған құбырларды, түтіктерді, қуыс профильдерді, фитингтерді өндіру

42

25.1

Құрылыс металл конструкциялары мен бұйымдарын өндіру

43

25.2

Металл цистерналарды, резервуарларды және контейнерлерді өндіру

44

25.3

Орталық жылыту қазандықтарынан басқа, бу қазандықтарын өндіру

45

25.9

Басқа да дайын металл бұйымдарын өндіру

46

26.1

Электрондық элементтер мен платаларды өндіру

47

26.2

Компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды өндіру

48

26.3

Коммуникациялық жабдықтарды өндіру

49

26.4

Электрондық тұрмыстық техниканы өндіру

50

26.5

Өлшеу, тестілеу және навигация құралдары мен аспаптарын өндіру; сағаттар өндіру

51

26.6

Сәулелеуші, электромедициналық және электротерапиялық жабдықтарды өндіру

52

26.7

Оптикалық аспаптар, фото және киножабдықтар өндіру

53

26.8

Магниттік және оптикалық ақпарат тасымалдаушыларды өндіру

54

27.1

Электр қозғалтқыштарын, генераторларды, трансформаторларды және электр таратушы және реттеуші аппараттарды өндіру

55

27.2

Аккумуляторлар мен батареяларды өндіру

56

27.3

Электр сымдарын және электр монтаждау құрылғыларын өндіру

57

27.4

Электр жарықтандыру жабдықтарын өндіру

58

27.5

Тұрмыстық аспаптарды өндіру

59

27.9

Басқа да электр жабдықтарын өндіру

60

28.1

Жалпы мақсаттағы жабдықтарды өндіру

61

28.2

Басқа да жалпы мақсаттағы машиналар мен жабдықтарды өндіру

62

28.3

Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын өндіру

63

28.4

Металл өңдеу станоктарын және басқа да станоктарды өндіру

64

28.9

Басқа да арнайы мақсаттағы машиналар мен жабдықтарды өндіру

65

29.2

Автомобильдерге арналған шанақтар өндіру; тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндіру

66

29.3

Автомобиль бөлшектері мен керек-жарақтарын өндіру

67

30.3

Әуе және ғарыш аппараттарын және соған байланысты жабдықтарды өндіру

68

30.9

Басқа топтарға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру

69

31.0

Жиһаз өндіру

70

32.1

Зергерлік бұйымдарды, бижутерияны және соған ұқсас бұйымдарды өндіру

71

32.2

Музыкалық аспаптар өндіру

72

32.3

Спорттық тауарлар өндіру

73

32.4

Ойын және ойыншықтар өндіру

74

32.5

Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтарды өндіру

75

32.9

Басқа топтарға енгізілмеген өзге де дайын бұйымдарды өндіру

2. Туризм

76

55.10

Қонақ үйлер мен соған ұқсас тұру орындарының қызмет көрсетуі (бес жұлдызды қонақ үйлерді қоспағанда)

77

55.20

Демалыс күндеріне және басқа да қысқа мерзімді тұру кезеңдеріне тұрғын үй беру (апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда)

78

55.30

Кемпингтердің, автофургондар мен автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

79

55.901

Мектеп-интернаттар жанындағы жатақханалардың қызмет көрсетуі

80

55.902

Студенттік жатақханалардың қызмет көрсетуі

3. IT және креативті индустрия саласы

81

58.2

Бағдарламалық қамтамасыз етуді басып шығару

82

59.1

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламалар өндіру жөніндегі қызмет (ЭҚЖЖ 59.14 Кинофильмдерді көрсету қызметін қоспағанда)

83

59.2

Дыбыс жазу және музыкалық шығармаларды басып шығару саласындағы қызмет

84

62.0

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және соған байланысты қызметтер

85

63.1

Деректерді өңдеу, қолданбалы бағдарламаларды орналастыру және соған байланысты қызмет; веб-порталдар қызметі

 

«Қазақстан Иджара Компаниясы» АҚ

Приоритетті экономикалық қызмет түрлерінің тізімі

р/с №

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші коды (ЭҚЖЖ)

Атауы

1. Өңдеу өнеркәсібінде

110Азық-түлік өндірісі
211Сусындар өндірісі
11.06Уыт өндірісі
11.07Алкогольсіз сусындар, минералды сулар және басқа да бөтелкедегі суларды өндіру
313Тоқыма бұйымдарын өндіру
414Киім өндірісі
515Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі
616Жиһаздан басқа ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру
717Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру
818Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат тасығыштарды жаңғырту
920Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру
1021Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі
1122Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру
1223Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі
1324Металлургиялық өндіріс
1425Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру
1526Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі
1627Электр жабдықтарын өндіру
1728Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі
1829Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндірісі
1930Өзге де көлік құралдарын өндіру
2031Жиһаз өндірісі
2132Басқа да дайын бұйымдар өндірісі
2233Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

2. Қызметтер және өзге де қызмет түрлері бойынша

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

2301.63Егін жинаудан кейінгі ауыл шаруашылығы қызметінің түрлері
01.64Отырғызу үшін тұқым өңдеу қызметі
2402.20Ағаш кесу
2503.11Теңіз балық шаруашылығы*
03.12Тұщы су балық шаруашылығы
03.22Тұщы су балық шаруашылығы
2638Қалдықтарды жинау және қайта өңдеу
27 "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Басқармасының шешіміне сәйкес алынып тасталды

Көлік және қойма

2849.10Жолаушылар және жүк автомобиль көлігінің қызметі
49.11Жолаушылар теміржол көлігі, қалааралық
49.20Жүк теміржол көлігі
49.311Автобуспен тасымалдау
49.312Трамваймен тасымалдау
49.313Троллейбустармен тасымалдау
49.314Метрополитенмен тасымалдау
49.319Кестеге бағынатын көліктің өзге де түрлерімен тасымалдау
49.32Такси қызметі
49.39Басқа топтамаларға енгізілмеген басқа жолаушылар құрлық көлігінің қызметі
49.41Жүк автомобиль көлігінің қызметі
49.42Көшу бойынша қызметтер көрсету
2950.10Теңіз және жағалау жолаушылар көлігі
50.20Теңіз және жағалау жүк көлігі
50.30Өзен жолаушылар көлігі
50.401Өзен жүк көлігі
50.402Ағаш қорытпасы
3052Жүктерді сақтау және қосалқы көлік қызметі

Тұру және тамақтану қызметтері

3155.10Қонақ үйлер қызметі**
3255.20Қысқа мерзімді тұру***
3355.30Кемпингтер және автотұрақтар

Жылжымайтын мүлік

3468.20.8Қоймаларды жалға алу және басқару

Білім

3585Білім****

Денсаулық сақтау

3686Денсаулық сақтау саласындағы қызмет*****

* бұл ЭҚЖЖ коды Ауыл шаруашылығын өндіруді, қайта өңдеуді, консервациялауды көздейді;

** бес жұлдызды қонақ үйді қоспағанда;

*** пәтерлерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда;

**** қоспағанда:
· мынадай белгілердің бірі бар жекеменшік мектептер/мектепке дейінгі мекемелер: - орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы көзделмеген және (немесе) операциялық және/немесе инвестициялық шығындардың өтемақысы көзделмеген;
· жылына 400 (төрт жүз) АЕК-тен асатын оқу құнымен бюджеттік негізде (мемлекеттік тапсырыс) және ақылы негізде оқытудың бірлескен нысандарын көздейтін жекеменшік білім беру мекемелерінің;

***** қоспағанда:
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтердің құны медициналық қызметтерге тарифтердің 2 еселенген ұлғаюынан асатын Денсаулық сақтау объектілері-170/2020;
• ЭҚЖЖ 86.23 " стоматологиялық қызмет».

1 «Даму» қоры мен Ислам банкі
«Даму» қоры мен Ислам банкі
Шариғат талаптарына сәйкес исламдық қаржыландыру туралы (мурабаха/иджара және т.б.) рамалық келісім жасайды.
2 Ислам банкі
Ислам банкі
Өтінімді қарайды, қызметтің шариғатқа сәйкестігін тексереді (тыйым салынған салаларсыз), Шариғат кеңесінің қорытындысын алады.
3 Ислам банкі
Ислам банкі
Мақұлданған жобалардың тізілімін қалыптастырып, исламдық өнім аясында Қорға жолдайды.
4 «Даму» қоры мен Ислам банкі
«Даму» қоры мен Ислам банкі
Қаржыландыру туралы шарт жасайды (шариғатқа сәйкес — мысалы, агенттік «вакала» немесе серіктестік форматтағы жоба желісі үшін).
5 Ислам банкі мен кәсіпкер
Ислам банкі мен кәсіпкер
Банк жеткізушіден тауарды/активті сатып алып: кәсіпкерге ашық үстемеақымен мурабаха арқылы сатады немесе иджара арқылы лизингке береді.
6 Кәсіпкер
Кәсіпкер
Активті бизнеске пайдаланады және төлем кестесіне сәйкес төлем жасайды: бөліп төлеу (мурабаха) немесе жалдау төлемдері (иджара).