50 000 000 теңге
инвестиция; айналым қаражатын толықтыру
7 жыл
7%
Шамалап есептелді. Нақты есебін алу үшін әріптестердің менеджеріне жолығыңыз
Құжаттарды дайындауға біздің менеджерлердің көмегі
Үйден шықпай-ақ кепілдік алуға онлайн өтінім
беріңіз
Қор тарапынан қысқа мерзімде кепілдік
қарастыру
Бізге сенеді. Қор 65 000 астам жобаны бағдарламалар арқылы қолдады
Шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілері (мәтін бойынша - ШОКС) үшін қаражатты орналастыру шарттары |
|
Кредит бойынша нысаналы топ |
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Марқакөл, Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарында жобаларды іске асыратын/ іске асыруды жоспарлап отырған ШОКС |
ШОКС-на орналастырудың номиналды ставкасы |
жылдық 7,0% -дан артық емес |
1-ші ШОКС-не Қарыздың ең жоғары сомасы |
50 000 000 (елу миллион) теңгеден артық емес |
Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең |
осы тармақта көрсетілген мерзім шегінде Банктің шешімі бойынша 24 айдан аспайтын |
Қарыз мерзімі |
- инвестицияларға - 84 айдан аспайтын, - айналым қаражатын толықтыруға - 36 айдан аспайтын |
Қарыздың нысаналы мақсаты |
- инвестициялар; - айналым қаражатын толықтыру (тек инвестициялық жоба шеңберінде және қарыз сомасының 30% - дан аспайтын) |
ЭҚЖЖ-на сәйкес кредиттеудің басым салалары |
ШОКС жобасы осы Басқарма хаттамасына №____ қосымшаға сәйкес ЭҚЖЖ басым салаларына сәйкес келуге тиіс. |
Қарыздың қосымша шарттары |
Өнімге қатысатын ШОКС кепілдік беру шеңберінде бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына және Қордың кепілдігін алу үшін Қордың өзге де бағдарламаларына қатысуға өтінім беруге құқылы Келісім шеңберінде қаржыландыруды алған ШОБ міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын банктік қарыз шартына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10% (он) пайызға арттыруға міндетті. Осы тармақта көрсетілген шарттар ШОКС-ты бұзған кезде Банк ШОКС қорының қаражатын түпкілікті қарыз алушыларға өнімнің және Келісімнің тиісті шарттарына жолдай отырып, өз қаражатымен заемды алмастыруға міндетті. |
№ |
Атауы |
ЭҚЖК бөлімі |
1 |
Азық-түлік және сусындармен қамтамасыз ету қызметтерін көрсету |
56 |
2 |
Ағынды суларды жинау және тазарту (заманауи санитарлық-гигиеналық қондырғылар) |
37.00.0 |
3 |
Жол бойында орналасқан техникалық қызмет көрсету станцияларымен автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу (заманауи санитарлық-гигиеналық қондырғыларды орнату міндетті) |
45.20.2 |
4 |
Жол бойында орналасқан қонақ үйлердің қызмет көрсетуі (заманауи санитарлық-гигиеналық қондырғыларды орнату міндетті) |
55.10.4 |