Приглашаем принять участие в информационном семинаре по проекту Японского Агентства Международного Сотрудничества (JICA) в области поддержки МСБ в Казахстане по внедрению Кайдзен

Анонсы
12.08.2016

«Даму» Қоры мен Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) қазақстандық кәсіпорындарға үнемді өндіріс құралдары мен Кайдзен философиясын енгізу жөніндегі ақпараттық семинар өткізеді. «Кайдзен» — өндіріс үдерісін үздіксіз жетілдіру, қосалқы бизнес-үдерістер, басқару үдерістері, сонымен қатар өмірдің барлық аспектілерін қамтитын тәжірибе немесе жапон философиясы.

Семинар бағдарламасында:

  • жоба жайында ақпарат, кеңес беру, сұрақ-жауап;
  • қатысушы компанияларды алдын-ала іріктеу (бұған дейін берілген өтініштер негізінде)

Өтетін уақыты:

  • Алматыда: 23 тамызда сағат: 10:00-13:00 аралығында. Мекен-жай: Алматы қаласы, Гоголь көшесі 111, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының ғимараты.
  • Астанада: 26 тамызда 15:00-18:00 Астана, Қажымұқан көшесі 8а, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының Астана филиалы.

Семинар соңында Алматы қаласы мен Алматы облысы және Астана қаласы мен Ақмола облысындағы кәсіпорындар жанында жүзеге асырылатын жобаға қызығушылық білдірген компаниялардың алдын-ала іріктеуі өтеді.

Анықтама телефондары:

  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ : 8 727 244 55 66 (ішкі. 1904)
  • Қазақ-Жапон орталығы: 8 727 377 13 45

Тіркеуге «Даму» Қорының сайты арқылы өтініш бере аласыздар. (аты-жөні, лауазымы, компания атауы, қызмет түрі, қызметкерлер саны).

Кайдзен ақпараттық семинарына қатысуға өтініш

Толтырылған өтінішті Бақыт Қаһарманқызы Зағыттың (Bakyt.Zagyt@fund.kz) электронды пошта мекен-жайына жібере аласыздар

Өтініштер барлық кәсіпорындардан қабылданады. Дегенмен, басымдық өндіруші компанияларға беріледі.

Бағдарлама. Алматы қаласы, 23 тамыз 2016 ж.

10:00 - 10:30

Тіркеу

10:30 – 10:35

Алғы сөз:

Лесбеков Ғабит Әбдімүтәліпұлы, Басқарушы директор – «Даму» Қоры АҚ Басқарма мүшесі

10:35 – 10:40

Баяндама:

Наоми Абэ, Жапон Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің өкілі, ШОБ қолдау бағдарламалары бойынша аға кеңесші

10:40 – 11:05

Эрика Әлімбекова, Қазақ-Жапон орталығының бизнес бағдарламалар бөлімінің жетекшісі

11:05 – 11:20

Арыстанбек Сағиев, «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ қолдау құралдары Орталығының бас сарапшысы

11:20 – 11:35

2015-2016 жылдар аралығындағы қанатқақты жоба аясында Кайдзенді енгізу нәтижелері жайында:

Қанат Сәрсенбаев, «Промет» ЖШС Бас директоры, Алматы қаласы

11:35 – 11:50

Ербол Нұршинов, «Сайман» ЖШС сапа жөніндегі бас менеджері, Алматы қаласы

11:50 – 13:00

Сұрақ-жауаптар, кеңес беру

Бағдарлама. Астана қаласы, 26 тамыз 2016 ж.

15:00 - 15:30

Тіркеу

15:30 – 15:35

Алғы сөз:

«Даму» Қорының өкілі

15:35 – 15:40

Баяндама:

Наоми Абэ, Жапон Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің өкілі, ШОБ қолдау бағдарламалары бойынша аға кеңесші

15:40 – 16:05

Эрика Әлімбекова, Қазақ-Жапон орталығының бизнес бағдарламалар бөлімінің жетекшісі

16:05 – 16:20

Арыстанбек Сағиев, «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ қолдау құралдары Орталығының бас сарапшысы

16:20 – 16:35

2015-2016 жылдар аралығындағы қанатқақты жоба аясында Кайдзенді енгізу нәтижелері жайында:

Қанат Сәрсенбаев, «Промет» ЖШС Бас директоры, Алматы қаласы

16:35 – 16:50

Ербол Нұршинов, «Сайман» ЖШС сапа жөніндегі бас менеджері, Алматы қаласы

16:50 – 18:00

Сұрақ-жауаптар, кеңес беру

Анықтама үшін:

Жапония халықаралық ынтамақтастық агенттігі (JICA)

JICA – бұл 1974 ж. Құрылған, «Дамуға ресми көмектесу» (ДРК) бағдарламасын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік ұйым. Дамушы елдерге адам ресурстарын дамыту ісі мен өз күштеріне сүйене отырып, ұлттық тұрақты даму үдерісін құруға көмектеседі.

Қазақстан 1993 жылдан бері жапондық ДРК қайтарымсыз техникалық көмек пен жеңілдетілген несие түрінде алып келеді. Техникалық әріптестік – серіктес елдердің әлеуметтік-экономикалық өзгеріс енгізулеріне көмектесуге бағытталған жапон технологиясын, білім және адам ресурстарын қолдануды көздейді.

Қазақстан-Жапония адам ресурстарын дамыту орталығы (KJC):

Қазақстан-жапон орталығы 2000 жылы Жапония халықаралық ынтамақтастық агенттігі (JICA) жобасы мен Қазақстан мен Жапония арасындағы үкіметаралық Келісім аясында құрылған. Орталық Т.Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университеттің басқаруымен 2012 жылдан бері өз миссиясын іске асырып келеді. Қазақстандықтарды Жапония мәдениетімен таныстыруға, сонымен қатар, жапондық менеджмент бойынша тренингтер өткізуге баса мән береді. 2002 жылдан бастап JICA техникалық көмек көрсету аясында өндірісті басқару мен сапаны бақылау саласындағы жапондық мамандарды жіберуде. Орталық базасында кайдзен философиясы жайлы қазақстандық кәсіпкерлерге арнап ашық семинарлар мен өндірістік компанияларға корпоративтік тренингтер өткізіледі. Орталық құрылғалы бері KJC іскерлік басқару курсынан 4000-ға жуық адам өтті. Шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері санатынан 140 адам Жапониядағы тәжірибелік семинарларға қатысып қайтты.

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ

Қор 1997 жылы құрылған. Шағын және орта кәсіпкерлікті (бұдан ары - ШОК) қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыратын Қазақстанның ұлттық даму институттарының бірі. Жалпы Қор ШОК қолдаудың 20-дай қаржылық бағдарламасын, соның ішінде несиелендіру, субсидиялау, кепілдендіру, лизинг сынды қолдау құралдарын пайдалана отырып іске асырады. Сонымен қатар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен ШОК кәсіпорындарының басшыларын оқыту бағдарламаларын да іске асырады.