menu
Жабу

Жалғыз акционер туралы

«Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ -  «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның жалғыз акционері.


КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі 2013 жылы құрылған. Негізгі міндеті – жеке меншік құқы бар, сонымен қатар ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар, басқа заңды тұлғалар сеніп басқаруға берген акциялар пакетін (қатысу үлесі) басқару. Холдинг Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамыр күнгі № 571 Жарлығына орай даму институттарын, қаржылық ұйымдарды басқару жүйесін оңтайландыру мен ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылған. 2014 жылдың соңына қарай, холдинг өзінің аясына 8 еншілес ұйымды біріктірді.

«Бәйтерек» холдингінің маңызды міндеттерінің бірі – Холдинг компаниялары тобының тиімді және бір-бірін толықтыратындай жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

МИССИЯСЫ

Қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарында бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту болып табылады.

КЕЛЕШЕГІ

Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру жолымен Қазақстан экономикасын орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің түйінді институты.

ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРЫ

Холдинг құрамына 8 еншілес ұйым кіреді