Кеңес ал!
2026 жылғы тамызда S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қордың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BBB-»-ден «BBB»-ге дейін, ал қысқа мерзімді кредиттік рейтингін «A-3»-тен «A-2»-ге дейін көтерді.
Бұл, ең алдымен, Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингінің жоғарылауына байланысты.
S&P Global Ratings Қордың «Бәйтерек» тобы құрамындағы негізгі рөлін, шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудағы маңыздылығын, сондай-ақ мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу ықтималдығының жоғары екенін атап өтеді.
2026 жылғы 4 қыркүйекте Moody’s агенттігі Қордың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін «тұрақты» болжаммен Baa2/Prime-2 деңгейінде растады.
Сонымен қатар, ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтинг Aa2.kz деңгейінде расталды.
Қор рейтингтерін қолдайтын негізгі факторлардың қатарына оның кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудағы маңызды рөлі жатады. Агенттік Қордың капиталдандыру деңгейінің жоғарылығын және проблемалық несиелер үлесінің төмендігін атап өтеді.
S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық рейтингтік агенттігі Қорға «30» рейтингін берді.
«Даму» Қоры Қазақстан Республикасының қаржы институттары арасында алғашқылардың бірі болып ESG бағалауын алды. Халықаралық рейтингте тұрақты даму саласындағы қаржы ұйымдарының орташа балы «21» деңгейінде бекітілгенін атап өткен жөн.