Кеңес ал!
"Даму" қоры Қазақстанда және оның өңірлерінде кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың кешенді мемлекеттік шараларын іске асыратын әлеуметтік жауапты ұйым ретінде өз қызметі шеңберінде үздік тәжірибелерді енгізе отырып және өзінің ішкі нормативтік құжаттары мен бизнес процестерін жетілдіре отырып, орнықты даму жөніндегі бастамаларды белсенді қолдауға ұмтылады.
Қор өз қызметінде БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуға ұмтылады, ішкі бағалау шеңберінде Қор бүгінгі күні Тұрақты даму саласындағы бастаманы жетілдіруді және оған қол жеткізуді жалғастыра отырып, БҰҰ-ның 17 ОДМ-нің 14-ін ескереді.
S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық рейтингтік агенттігі Қорға «30» рейтингін берді.
Қор несиенің жалпы сомасы 251,6 млрд теңгені құрайтын 227 "жасыл" жобаны қолдады. Оның ішінде 2024 жылы жалпы сомасы 18,0 млрд теңгеге 103 "жасыл" және әлеуметтік жоба, 2025 жылы — 3,8 млрд теңгеге 26 "жасыл" және әлеуметтік жоба қолдау тапты.