menu
Жабу

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

Тұрақты даму

Қор Корпоративтік басқаруды қызметтің тиімділігін арттыру, транспаренттілік пен есептілікті қамтамасыз ету, беделін нығайту және капитал тарту шығындарын азайту құралы ретінде қарастырады. Қор корпоративтік басқарудың тиісті жүйесін Қазақстан Республикасындағы заңнаманың үстемдігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі және Қордың қазіргі экономикадағы және тұтастай қоғамдағы орнын айқындайтын фактор ретінде қарастырады. Корпоративтік басқару жүйесі органдар, лауазымды тұлғалар және Қор қызметкерлері арасындағы өкілеттіктерді және жауапкершілікті нақты ажыратуды көздейді.

Корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттары:

  • өкілеттіктердің аражігін ажырату қағидаты;
  • Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;
  • қорды Директорлар кеңесі мен басқарманы тиімді басқару қағидаты;
  • тұрақты даму қағидаты;
  • тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және ішкі аудит қағидаты;
  • корпоративтік қақтығыстарды және мүдделер қақтығысын реттеу қағидаты;
  • Қордың қызметі туралы ақпаратты ашудың ашықтығы мен объективтілігі қағидаттары.

Өз қызметін іске асыру шеңберінде “Даму” қоры Қазақстан Республикасы заңнамасының және тиісті халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беретін корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтауға ерекше назар аударады. Қордың корпоративтік басқару кодексінің қағидаларын және ережелерін сақтау / сақтамау туралы есепті жыл сайын қордың директорлар Кеңесі қарау үшін шығарады және Қордың корпоративтік сайтында орналастырылады.

Корпоративтік басқару кодексінің талаптарына сәйкес Қор корпоративтік басқаруды кемінде үш жылда бір рет тәуелсіз бағалауды жүргізуге міндетті. 2021 жылғы желтоқсанда жүргізілген корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасының нәтижелері бойынша корпоративтік басқару деңгейінің үздік практика талаптарына сәйкестігі 90,8% - құрайды.

Бөлімнің қосалқы блоктары
Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл