menu
Жабу

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Тұрақты даму

“Даму” қоры Қазақстанда және оның өңірлерінде кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың кешенді мемлекеттік шараларын іске асыратын әлеуметтік жауапты ұйым ретінде өз қызметін ұзақ мерзімді перспективада тұрақты және жауапты дамуға ұмтылуда әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағыттай отырып, ішкі қағидаттар мен құндылықтарды басшылыққа алады.

Қор іске асыратын мемлекеттік қолдау шаралары (сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру және жеңілдікпен кредиттеу) қолданыстағы және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру үшін микро, шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыруға, отандық кәсіпорындардың өндіріс деңгейін арттыруға және қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ішкі кадр саясаты шеңберінде Қор барлық қызметкерлер үшін сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз ете отырып, бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын жасауға ұмтылады.

- Қор қызметкерлеріне қамқорлық жасау:
Қызметкерлерді қолдауға және дамытуға, соның ішінде қауіпсіз және жайлы жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге, кәсіби өсуді қолдауға, тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған ішкі саясат.

- Қоғамның дамуына қосқан үлесі
Қор қайырымдылыққа, еріктілікке, халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдауға, мәдени және спорттық іс-шараларға бағытталған қолдау құралдарын іске асырады.

-Этикалық мінез-құлық
Қор іскерлік қатынастардағы этиканың маңыздылығын, сыбайлас жемқорлыққа, кемсітушілікке, адам құқықтарының бұзылуына жол бермеуді атап көрсетеді.

- Стратегиялық жоспарлау
Қор әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын өзінің даму стратегиясына және барлық бизнес-процестерге біріктіреді.

Бөлімнің қосалқы блоктары