“Даму” қоры жүзеге асырылатын және жоспарланатын қызметтің қоршаған ортаға әсер ету көрсеткіштерін жақсартуға ұмтылады. Сонымен қатар, қызметтің ерекшелігін ескере отырып, Қор қоршаған ортаға тікелей елеулі әсер етпейді. Қор тұтынатын негізгі ресурстар-электр энергиясы, жылу энергиясы және су.
“Даму” қоры операциялық қызметтен экологиялық әсерді азайту үшін шаралар қабылдайды, "жасыл" өнімдерді әзірлейді, қолдау көрсетілетін кәсіпкерлердің хабардарлығын арттырады, Қордың тұрақты даму саласындағы бекітілген құжаттарына сәйкес өз мамандарын оқытады, сондай-ақ экология және оған әсер ету тақырыбында оқыту семинарларын өткізеді.
2021 жылдан бастап қорда экологиялық және әлеуметтік саясат жүзеге асырылады.Қордың экологиялық және әлеуметтік саясатының мақсаттары:
Қор елдің "жасыл" экономикаға жедел көшуіне жәрдемдесуге бағытталған тұрақты даму саласындағы ұлттық және халықаралық бастамаларға белсенді қатысады. Осыған байланысты, Қор 2017 жылдан бастап Қазақстанда БҰҰ Даму бағдарламасымен ынтымақтастықты жүзеге асыруда, оның шеңберінде оң нәтиже бар, қалалық инфрақұрылымның энергия тиімділігі жобаларын қолдау және дамыту, СО2 шығарындыларын азайту, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін азайту бойынша құралдар әзірленді және енгізілді.
“Даму” қоры БҰҰДБ және Астана халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп, Жасыл қаржыландыру нарығын дамыту үшін базалық заңнамалық және реттеуші негіздерді әзірлеуге елеулі үлес қосты. 2021 жылғы желтоқсанда Экологиялық кодексте "жасыл" жобаларға және "жасыл" қаржыландыруға заңнамалық анықтама берген "жасыл" облигациялар және кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың таксономиясы енгізілді.
“Даму” қорының БҰҰДБ бағдарламаларына алғашқы жасыл құралдарды пилоттауы Қазақстанда тұрақты қаржыландыру нарығын құруға және дамытуға оң серпін берді.