2024 жылғы 9 желтоқсаннан бастап «Даму» қоры ESG-бастамалар қорының Жол картасын орындау, халықаралық беделді арттыру және орнықты даму қағидаттарын іске асыру мақсатында Жаһандық бастама мен Біріккен Ұлттар Ұйымының «UN Global Compact» қатысушысы болды.
UN Global Compact (бұдан әрі - UNGC) адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы қағидаттарды ілгерілетуге арналған бүкіл әлем бойынша ұйымдарды біріктіретін ірі халықаралық бастама, ол БҰҰ Жаһандық шартының 10 қағидатын және Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асырудағы қатысушылардың ілгерілеуі туралы жыл сайынғы есеп арқылы өлшейді (Co P).
«Даму» қоры Қазақстандағы ШОБ-ті қолдайтын жетекші оператор ретінде бастама құндылықтарымен бөліседі. UNGC-ке қатысу орнықты дамудың халықаралық стандарттарына адалдығын көрсетуге, халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылды күшейтуге және қоғам мен инвесторлар тарапынан сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.